Тау төбесіндегі жалғыз тас

489

Іле Алатауындағы Қаскелең шатқалынан жоғары бөлікте Үйтас атты ерекше жер бар. Тас ерекше орналасқан. Маңайында оған ұқсайтын бірде-бір тас жоқ. Бір өзі ғайыптан құлап түскен бе дерсіз? Ол туралы жазылған ақпараттар да өте сирек. Бірақ, Қаскелең шатқалына барып жатсаңыз, сол жердің бір кереметі осы Үйтас. Теріскейі орман, күнгейі жалаңаштау келген. Іле Алатауының Қаскелең, Сексен атты шыңдары көрінеді. Үйтастың биіктігі 5 м, диаметрі 6 м, салмағы — 500 тоннадан асады. Туристтер де жиі келетін секілді. Қар беті толған іздер. Бірақ, біз жүріп өткен күні, бірде-бір тауға шыққан жанды көрмедік. Ендеше, табиғаты ерекше жерден бірнеше сурет ұсынсақ.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *