Құттықтау

440

Тарих қойнауына тағы бір жылды шығарып салып, елдің амандығымен, жұрттың тыныштығымен, ынтымақ пен бірлікке сызат түсірмей жаңа, 2020 жылды қарсы алғалы тұрмыз. Сізді және Сіз арқылы серіктестікке қарасты еңбек ұжымдарының барлық қызметкерлерін, отбасыларыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Егемен мемлекетімізге, ұлан-байтақ аймақты мекен еткен ұлттар мен ұлыстарға өткен жыл ғажайып несібе сыйлады. Бауырымыз бүтін, іргеміз тұтас, дастарханымыз тоқ. Алладан тілеген әдемі пейілімізбен белгіленген межелерді алдық, әлемдік аренада беделіміз нығая түсті. 2020 жылда да жоспарланған белестер баршылық. Президент Жарлығымен «Еріктілер жылы» болып жариялануын жұртшылық ықыласпен қарсы алды. Ұлы Абайды, керемет ойшыл Әл-Фарабиді ұлықтау шаралары сәтімен жүзеге асырылуда. Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуына 75 жыл толғалы тұр, Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық тойы да жаңа белес еншісінде. Мұндай жарқын оқиғалар келешекке сенім ұялатып, қалың бұқараны Елбасы-Тұңғыш Президенттің және мемлекет Басшысының саясаты төңірегінде бұрынғыдан да топтастыра түсетініне күмән жоқ.

Жылдардың тоғысар сәтіндегі жүрек кернеген қуанышпен бәріңізге мықты денсаулық, жаңа табыстар және отбасы бақытын тілейміз!

Ыстық ықыласпен,

Жанғабыл Қабақбаев




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *