Исламбек Қуат «Қайраттан» неге кеткені жайлы шындығын айтты

256

Қазақстан қрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алматылық «Қайраттан» неге кеткенін түсіндірді, — деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

26 жастағы хавбек «Қайрат» сапынан еркін агент ретінде кетті.

— Жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс білдіргім келеді. Қазақстандық әрбір футболшы «Қайратта» ойнауды армандауды. Мұнда бес жылымды өткіздім. Ол уақытта есте қаларлық көп жеңіс болды. Онда менің де үлесім бары қуантады.

— Басқа клубқа ауысу шешімі неден туды?
— Жаңа сын керек. Өзімді жаңа чемпионатта сынап көргім келеді. Өзімді тексеріп көріп дегендей. Қайрат Советайұлымен сөйлестік, ол менің шешімімді қолдады. Оның қолдауы маңызды.

— Қандай ойлармен кетіп барасың?
— Қайратқа алғысым шексіз, дәл осы клубта футболшы ретінде өстім, Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысына айналдым. Алматы мен үшін туған қаламдай. Клубтың барлық мүшесіне рахметімді айтамын. Аграном, күзетші, Академияныңбарлық қызметкерлері, баспасөз қызметі, аспазшы, жүргізуші, еден жуатындар мен әкімшілікке. Бәріне ризамын! «Қайрат» әрдайым жүрегімде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *