Исламханның Чемпиондар лигасындағы клубқа трансфері үзіліп кетті

272

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Исламхан мәскеулік «Локомотив» сапына өте алмайтын сияқты, — деп жазады «Спорт-Экспресс». 

Ақпарат бойынша, Исламханнның алматылық клубпен келісімшарты 2019 жылы 31 желтоқсанда аяқталатынына қарамастан «теміржолшылар» мен «Қайрат» келісім таба алмаған.

Оның үстіне, алматылық клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Исламхан және Исламбек Қуат «Қайраттан» еркін агент ретінде кеткенін мәлімдеген болатын.

Дегенмен тараптар, келіссөзді Жаңа жылдан кейін жалғастыруы мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *