TOPJARǴAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ШОУЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМ ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУДА

854

«Topjarǵan» музыкалық жобасы екінші маусымының финалы 4 қаңтар күні сағат 20.00-де «Хабар» телеарнасында, сондай-ақ YouTube желісіндегі ХабарSHOW арнасында көрсетіледі.

«Topjarǵan» – бұл жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы бірден анықталатын жалғыз музыкалық шоу, яғни, байқаудың финалистері алғашқы кезеңде белгілі болады. Алайда бұдан жобаның қызығы азаймайды, керісінше финалистер әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек.

Үш ай бойы талай үміткер бағдарлама алаңында сынға түскен болатын. Енді өз көрерменін тапқан «Topjarǵan» музыкалық шоуы мәресіне жетіп қалды.

Шешуші додаға жолдама алған финалистер: жас талантты композитор Кенжебек Нұрдолдай, «Голос Украины» жобасының қатысушысы, «Элес» тобының әншісі Салтанат Аширова, «Главная Сцена» 2-маусымының қатысушысы, 2015 және 2017 жылдардағы «Новая волна» жартылай финалының қатысушысы Сангина Шәріпова және талғамы биік жас әнші Мәди Сыздықов.

Үздік төрттіктің арасынан ең тартысты шоудың кезекті жеңімпазы кім болады екен? «Topjarǵan» музыкалық байқауы осы сенбіде өз жеңімпазын анықтайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *