Түрленген Тараз

448

Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласы шығыс қалаларының үлгісінде түрленіп келеді. Өткен жылдың соңғы күндерінде ғана ашылған «Шахристан» тарихи-этномәдени кешені  қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті рухани-мәдени демалыс орнына айналып үлгерді. 

“ZhambylNews” ақпараттық агенттігінің ақпаратына сүйенсек, барлық құрылыс барысы орта ғасырлық шығыс сәулеттік стилінде жүргізілген.  Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Олар: «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің  галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат» стеласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы.

Кешендегі нысандардың қабырғаларын әрлеу жұмыстарына 7000  шаршы метрден астам Самарқанд кірпіштері, 2000 шаршы метрге  глазурь төсеніштері пайдаланылған. Глазурь төсеніштері арнайы пештерде 1800 градуста алдын-ала өлшеммен дайындалған.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *