Қыс мезгілінде балалар жарақатынан қалай сақтануға болады

250

Қыс мезгілі қызықты ойындар мен көңілді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Сонымен қатар, қазір қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы өтуде. Бірақ қуаныш пен белсенді демалудан басқа, бұл кезең қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, демалыс кезінде балалар көп жағдайда көшеде жиі болып, ересектердің қарауынсыз қалады.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулардың мониторингі бөлімінің бас маманы Қуаныш Әлімбетовтың айтуынша, қысқы уақытта көктайғаққа (құлау, ЖКО, шығып кету, сыну және т.б.) және ауа райы жағдайларына (үсік, суық металл заттар туралы термикалық күйік) байланысты жарақаттар алу қаупі артады.

-Егер балаңыз конькимен, шаңғымен немесе шанамен сырғанауды ұнатса, бұл ойын құралдарын тексеру керек. Шаңғы баланың аяғына сенімді және дұрыс бекітілуі керек, ал конькилер өлшемге сәйкес болуы тиіс. Шанамен немесе шаңғымен түсу үшін таңдап алынатын кеңістік міндетті түрде жолдан алыста, ағаштардың таяқшалары мен тамырларынан бос болуы тиіс.

Әсіресе көлік құралдарына тіркелу, шаналарды бір-біріне байлау қауіпті. Конькимен арнайы жабдықталған орындарда немесе мұз айдындарында сырғанау керек.

Шаңғымен және конькимен сырғанау, сондай-ақ тайғақ табаны бар аяқ киімді кию аяқ сынуының негізгі себептері болып табылады. Сыныққа күдіктенген кезде дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз.

Қар үстіндегі ойын, көздің зақымдануына әкелуі мүмкін, сондықтан ересектер балаларға мұз қабығы бар қарды лақтырмауға ескерту жасау керек.

Жылдың суық мезгілінде негізгі қауіп-қатер көктайғақ болып табылады. Біріншіден, балаға аяқ киімді дұрыс таңдап алыңыз: жұмсақ резеңкеден немесе термоэластопластан жасалған, өкшесіз қабырғалы табаны бар аяқ киім кигені дұрыс. Екіншіден, көктайғақ кезінде үлкен қауіп-қатерді сатылар туғызады. Мүмкіндігінше, түсу кезінде аяқты баспалдақтың бойымен қойып, абайлап түсу керек.

Қыста жарақаттар тізіміне «мұзға жабысу» қаупі де қосылады. Балаға аязда дымқыл қолмен, не тілмен темір конструкцияларды ұстап, жалауға болмайтынын ескертіңіз.

Маман, сонымен қатар, жол-көлік жарақаттары туралы да ескертеді. Балалар көлік жақындап келе жатқанын көре тұра, тезірек өтіп кетуге асығады, ал тайғақ жолда жүргізуші тежеуге үлгермеуі мүмкін. Балаға міндетті түрде жол жүру ережелерін сақтау қажеттігін есерту керек.

Тағы бір кең таралған қысқы жарақат-үсік. Оған ауаның төмен температурасы ғана емес, дымқыл ауа райы, ылғалды киім, тығыз аяқ киім себеп болуы мүмкін. Көбінесе қол мен аяқтың саусақтары, бет, мұрын, құлақ үседі.

Жағымсыз салдарлардан аулақ болу үшін баланы серуендеуге дұрыс киіндірген жөн: аяғын қыспайтын және су өткізбейтін аяқ киім, жылы астарлы су жұқпайтын материалдан жасалған бас киім қажет. Теріні арнайы балалар кремімен қорғау керек.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *