Иранда украиналық ұшақ құлады. Лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты

428

Украиналық Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайы маңында құлады.

Лайнердің «техникалық ақауға» байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Лайнерде 180 жолаушы болған.

Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты, — деп хабарлайды Reuters басылымы.

Ұшақ «Украина халықаралық әуе жолдары» әуекомпаниясына тиесілі. Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілгенін, алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын хабарлаған.
https://www.youtube.com/watch?v=ROoNlUIbdMk&feature=emb_logo

Фото: Д. Балабекұлы, әлеуметтік желі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *