Емханаларға онлайн тіркелу үшін не қажет?

705

Қазақстандықтар egov.kz электронды порталы және Telegram-bot арқылы емханаға онлайн тіркеле алады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде өңделеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Онлайн тіркелу үшін egov.kz сайтына өтініш жасап, «Медициналық көмек» қойындысында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Бұдан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу керек. Өтініш сәтті жолданғаннан кейін порталда «Сұраныс өңделуде» мәртебесі пайда болады. Емхананың үйден немесе жұмыстан 15-20 минут жаяу жүретін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлердің қажет болған жағдайда үй-ішіңізге жедел көмек көрсетуіне, бүкіл отбасыңызбен бір дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғылықты жер бойынша емханаға Telegram-bot арқылы тіркелу мүмкіндігі бар, ол үшін Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot-қа жазылып, қарапайым тіркеуден өтіп, ары қарай қызмет түрі: медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуді, емхананы таңдау қажет. Қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күні. Ботпен жұмыс істеу үшін eGov.kz-ке тіркелген болып, ұялы телефонның нөмірін порталдың профиліне байланыстыру қажет. Телефонды тіркеу және байланыстыру ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, азаматтың қаланың белгілі бір емханасына тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *