Жасыл құрлық өртке оранды

333

Жасыл құрлықтың жасыл кілемдей құлпырған табиғаты қызыл өртке оранғалы 3-4 ай. Қыркүйекте басталған тілсіз жау материктің 5.9 млн га жерін шарпып өткен. Аустралия – Аустралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралда орналасқан мемлекет.

Жағрапия пәнінен Аустралия материгі туралы оқығанда фаунасы мен флорасына қызығушы едік. Сол қызықтар 4 ай бойы өртке оранып, қара қоңыр түске боялды. Жарты миллиардқа жуық жан-жануар, құстар ғаламдық апаттың құрбаны болды. Адам шығыны да бар. Қаншама халық мұхит пен теңіз бойын жағалап кетті. Қаншама үйлер тілсіз жаудың зардабын кешуде. Ғаламдық қасірет. Сондықтан да аустралия халқымен біргеміз. Тілсіз жау тоқтатылып, Жер планетасының халқы қайғырмасын. Алла берекетің берсін!

Алтынбек Кумырзактың  фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *