Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев өмірден озды

677

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, әрі Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев өмірден озды.

 Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген.

1959 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

1959-1962 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің əдеби қызметкері, 1962-1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері, 1974-1981 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1981-1989 жылдары «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.

1973 жылдан «Ғылыми терминологиялық орталықтың» директоры болып қызмет етсе, 1989 жылдан Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, кейін президенті болған.

1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *