Ақмола облысы Сандықтау ауданында бірінші Оpen space-кеңсе ашылды

457

Ақмола облысының Сандықтау ауданында Оpen space форматында бірінші кеңсе ашылды. Аталған кабинет аудан әкімінің аппаратында орналасқан және азаматтарды қабылдау, өтініштерді жедел қарау, сондай-ақ кеңес беру үшін арналған.

Айта кету керек, қазіргі таңда Ақмола өңірінде ашық кеңістік кабинеттері аумақтық Полиция департаменті, Көкшетау қалалық соты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы сияқты мекемелерде, сондай-ақ облыстың көптеген аудандарында жұмыс істейді. Өңірде барлығы Оpen space және Front office форматының 58 кабинеті жұмыс істейді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Бұл орайда, «ашық» кабинеттердің жұмыс істеу қағидаты халықпен коммуникацияны жеңілдетуге және азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *