«Мән-жайы келісілді». Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегі туралы мәлімет тарады GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды.

341

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің мән-жайы келісілді, — деп хабарлайды Boxing Kingdom.

Портал мәліметінше, жекпе-жек туралы жақында ресми жария етіледі.

Еске салайық, GGG бұл жекпе-жекте IBF титулын қорғайды. Дегенмен жекпе-жектің өтетін күні ретінде түрлі уақыт айтылауда.

Аталған күндер ішінде — 29 ақпан мен 28 наурыз бар. Тіпті Головкин рингке тек сәуір не мамырда оралады деген ақпарат та таралуда.

Ал кездесу өтетін орын ретінде поляктардың ең үлкен диаспорасы шоғырланған Чикаго таңдалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *