МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

773

Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина саласындағы жаңашылдықтың жүзеге асуын талқылауға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты.

Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын басталғаны белгілі. Қазақстандықтар биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тіс дәрігеріне жеке емханада тісін тегін емдете алады. Одан бөлек тегін дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түспек. Түркістан облысына биыл амбулаториялық тегін дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі жеткізіледі.

Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ. Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, басты мақсат сапалы медициналық көмек көрсету болуы тиіс. Облыстық медициналық ұйымдар өз кезегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын.

Түркістан облысы халқының 91,6%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Түркістан облысының «МСҚ» КЕАҚ филиалы 2020 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша  40 мемлекеттік және 35 жеке меншік медициналық ұйымдармен келісім-шартқа тұрған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *