КІАҒЗИ-да кардиохирургия бөлімшесінде 1500 операция жасалды

501

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кардиохирургия бөлімшесінің қызмет жасаған 5 жылы ішінде азинвазивті әдіспен ашық жүрекке стандартты да, азинвазивті әдіспен де шамамен 1500 операция жасалды, деп хабарлады Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі.

Бүгінде жасанды қанайналым зертханасы және операция жасау блогы бар кардиохирургия бөлімшесі жүрек патологиясы бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық қызметтердің барлық спектрін жасайды.

Әр пациентті жаңа заманауи құрал-жабдықтар, халықаралық деңгейдегі білікті мамандар, қызметтің ең үздік түрлері күтіп тұр.

Тек қана Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс елдерде белгілі академиктер мен профессорлардың қатысуымен «Heart team» командасы әр пациентті емдеудің оңтайлы әдістерін талқылайды. Жасалатын операциялардың күрделілігіне қарамастан, асқыну мен өлім-жітім пайызы әлемдік статистика деңгейінде тұр және 1,7%-ды құрайды.

Пациенттерді емдеу үшін қаупі мен жарақаттануы аз жүрекке операция жасауға мүмкіндік беретін жаңа және ерекше технологиялар қолданылады. Қазіргі кезде институтта қақпақшаны ауыстыру немесе қалпына келтіру бойынша жасалатын операциялардың көбі азинвазивті тәсіл арқылы жасалады. Осындай операциялардан кейін ауырсынуды басатын дәрілерге қажеттілік азаяды, ағза жылдам қалпына келеді, емделуге жатқызу мерзімі қысқарады және адамның еңбек етуге мүмкіндігі сақталады.

Жасанды қанайналым зертханасы және операция жасау блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев: «2017 жылдан бастап біздің орталықта азинвазивті тәсілдермен шамамен 70 операция жасалды. Мұндай операциялардан кейінгі өлім-жітім 0%-ды құрады»,– деп атап өтті.

Рүстем Мұхтарұлының айтуынша, жүректің ишемиялық ауруы, ревматикалық және басқа этиологиядағы «жүре пайда болған жүрек кемістігі», 15 жастан жоғары жүректің туа біткен кемістігі бар пациенттерге аз инвазивті коронарлық шунттау, жұмыс істеп тұрған жүрекке қолқакоронарлық шунттау, митралдық және қолқа қақпақшасы пластикасының, жүрекше аралық және қарынша аралық патологиялардың және т.б. ашық түрдегі оперативтік араласулары жасалады.

Сонымен қатар, жүрек ырғағының бұзылысы кезінде аритмияға қарсы емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатын жүректің қақпақшалы аппаратын түзетумен бірге миокардты коронарлық шунттаумен жүректің радиожиілікті абляциясы және криоаблация жасалады.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Қазақстандағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы кардиохирургия саласындағы ең жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Жыл сайын бөлімшенің мамандары жақын және алыс шетелдің үздік клиникаларында білім алады, тәжірибемен алмасады. Италия, Германия, Ресей және басқа елдердің кардиохирургия саласындағы жетекші мамандарымен бірлесіп шеберлік кластар өткізеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *