«Ақтөбе» жаңа бас бапкерін таңдады

244

Мәскеулік «Локомотивтің» бұрынғы ойыншысы Владимир Маминов «Ақтөбе» командасын жаттықтыратын болады, — деп хабарлайды «Чемпионат».

Ресейлік маман Қазақстанға келген. Бүгін, 13 қаңтарда ол клубпен келісімшартқа қол қояды.

45 жастағы Маминов «Локомотив» сапында 1992 мен 2008 жылдар аралығы өнер көрсеткен. Ал футболшы карьерасын аяқтаған соң 2009 бен 2011 жылдар аралығы бапкерлер штабында қызмет етті. Біраз уақыт «Локомотивтің» бас бапкері болған. Кейін «Рубин», «Химки», «Солярис» пен «Тюмень» командаларын жаттықтырды.

Өткен маусымда «Ақтөбе» Қазақстан премьер-лигасы турнирлік кестесінде соңғы болып, бірінші лигаға түсіп қалған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *