Әлемнің ең табысты клубы белгілі болды

215

Deloitte аудиторлы-консалтингтік компаниясы әлемнің ең табысты футбол клубтарының тізімін жариялады.

Рейтингте алғаш рет «Барселона» бірінші болып тұр. 2018/19 маусымында каталондық клуб 840,8 миллион еуро кіріс көрген. Бұл рекордты сомма, оның үстіне 800 миллион межесінен «Барселона» бірінші болып асып отыр.

Екінші орында «Реал», клубтың жылдық табысы 757,3 миллион еуро. Үшінші англиялық «Манчестер Юнайтед» — 711,5 миллион — еуро.

Топ-20 тізімге Еуропаның ең мықты лигаларындағы клубтар кірген. Ал олардың жалпы табысы 9,3 миллиард еуро.

Ең табысты клубтардың топ-20 тізімі:

1. «Барселона» (Испания) — 840,8 миллион еуро;
2. «Реал» Мадрид (Испания) — 757,3;
3. «Манчестер Юнайтед» (Англия) — 711,5;
4. «Бавария» (Германия) — 660,1
5. ПСЖ (Франция) — 635,9
6. «Манчестер Сити» (Англия) — 610,6
7. «Ливерпуль» (Англия) — 604,7
8. «Тоттенхэм» (Англия) — 521,1
9. «Челси» (Англия) — 513,1
10. «Ювентус» (Италия) — 459,7
11. «Арсенал» (Англия) — 445,6
12.  «Боруссия» Дортмунд (Германия) — 377,1
13. «Атлетико» Мадрид (Испания) — 367,6
14.  «Интер» (Италия) — 364,6
15. «Шальке-04» (Германия) — 324,8
16. «Рома» (Италия) — 231
17. «Лион» (Франция) — 220,8
18. «Вест Хэм» (Англия) — 216,4

19. «Эвертон» (Англия) — 213
20. «Наполи» (Италия) — 207,4




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *