Қарағандыда көшелердің атауы өзгереді

651

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді, — деп хабарлайды Ekaraganda.kz порталы.

Қарағандыда  13 қаңтар күні Достық үйінде өткен жария тыңдалым кезінде Волочаевский, Защитный, Зональный, Кривогуз, Кувский, Ленин, Олимпиада және Приканальный көшелерінің атауы өзгеретіні туралы айтылды. Соған сәйкес, Волочаевский көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Кәміл Дүйсембековтың есімімен аталса, Защитный көшесіне қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршы Григорий Потаниннің есімі беріледі. Зональный көшесіне қазақ ұлттық музыкасын зерттеуші, ҚазКСР халық әртісі Александр Затаевичтің құрметіне беріледі. Кривогуз көшесі атақты қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың атымен аталады. Қалада бұрыннан Аманжоловтың есіміне берілген көшені ендігіде Балқантау — тарихи ороним деп атайды. Кувский көшесі ҰОС ардагері Қазыбек Нұржановтың есімімен аталады. Ал қазіргі Нұржанов көшесінің атауы Мерей деп өзгертіледі. Олимпиада көшесі Еңбек ардагері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Нарманбет Төлеповтің есімімен аталады. Приканальный көшесі Сарыарқа болып өзгертілсе, ал Ленин көшесі Абай Құнанбаев көшесі деп аталады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *