Дініміздің қадір-қасиетін жоғалтып бара жатқан жоқпыз ба?!

350

Дініміз ислам дейміз. Құран Кәрім Алладан түсті, қасиетті деп бас ұрамыз. Дегенмен, ойлап қарайықшы, шынында бізді дін жақсылыққа жетелеп келе ме? Мұсылман қауымын біріктіре алды ма? Алысқа бармай-ақ, азғантай қазағымыздың өзі бөрі тиген қойдай, тырым-тырақай бөлініп болды. Уахабизм, сəлафизм, құранит, сионист, зікірші, таблиғи жамағат, тəңірші дей ме, тіпті, санасаң саусағың жетпейді. Мықты деген талантты азаматтарымыздың өздері, бірін бірі құртып жіберуге дайын. Бара-бара бетін аулақ қылсын əрине, басқа мұсылман елдеріндегідей ымырасыздық бізде де орын ала ма деп қорқамын. Бұрынғы сүттей ұйыған татулығымыз қайда?! Сөйлетсең бəрі білімдəр діншіл. Мешіттен шықпайды. Əртісің де, айтыскер ақының да қажы. Бəрінің де айтатындары — бір Құран. Бірақ, бірінің айтқанына бірі қарсы. Алауыз. Сонда, не болдық?!

Дініміздің қадір-қасиетін жоғалтып бара жатқан жоқпыз ба?!

Əрине, мен дінге қарсы уағыз айтудан аулақпын.

Алайда, осы əсіре діншілдіктің бізге керегі бар ма?!

Одан да жастарды өнерге, ғылым мен білімге қарай неге бейімдемеске?!

«Əркімнің мешіті – үйі, құдайы мен иманы жүрегінде болса дұрыс болмас па еді?!» деген ой келеді, кейде.

 

Жоламан Мырзабектің фейсбук парақшасынан

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *