Қасым-Жомарт Тоқаев қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

465

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)»,– делінген Жарлық мәтінінде.

Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды. Полицейдің артында жары мен 4 айлық сәбиі қалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *