Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

702

Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *