«Канело» босатқан белбеу. WBO әлем чемпионын анықтау үшін турнир өткізетінін жариялады

255

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық комитеті жартылай ауыр салмақта жаңа чемпионды анықтаудың әдісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Boxingscene.com.

2019 жылдың желтоқсанында Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) бұл титулды босатқан еді. Ал оны мексикалық 2 қараша Лас-Вегаста ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутпен жеңіп иеленген.

WBO ойы — екі жартылай және бір финалдан тұратын кішігірім турнир ұйымдастыру, оның жеңімпазы ұйымның жаңа чемпионы атанады.

Комитет шешімі бойынша ұйым рейтингіндегі бірінші мексикалық Хильберто Рамирес (40-0, 26 КО) және төртінші тұрған колумбиялық Элейдер Альварес (25-1, 13 КО) жартылай финалдық бір жұпты құрайды, ал рейтингте екінші мен үшінші тұрған ресейлік Умар Саламов (25-1, 19 КО) және Максим Власов (45-3, 26 КО) екінші жұп.

Боксшыларға WBO шешімі айтылды, енді 24 сағат ішінде тараптар турнирге қатысуға дайын екендерін хабарлау керек. Осыдан кейін боксшылар командаларына келіссөздер мен келісім жасауға 15 күн уақыт беріледі. Егер келісім болмаған жағдадайда әдеттегідей промоутерлік сауда өтеді. Оның ең төменгі құны 300 000 доллар болады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *