Катерина Сакелларопулу Грекия президенті болып сайланды

251

Грекия Жоғарғы әкімшілік соттың басшысы Катерина Сакелларопулу президент болып сайланды. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент, — деп хабарлайды kazgazeta.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берген. Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті — Прокопис Павлопулос. Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *