Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты екінші ауысымда сабақ болмайды

608

Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды.

«23 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды», — делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының ақпаратында.

Кеше ел астанасында екінші ауысымдағы оқушылар оқыған жоқ. Синоптиктер 22-24 қаңтар күндері бас қалада ауа райы бұзылатыны жөнінде ескертеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *