Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды

392

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды. Бұл туралы Алматы қаласының ресми интернет ресурсы хабарлайды. 

Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ әдебиеті тарихын, кітаптану мен журналистиканы зерттеуге зор үлес қосты.

«Өзінің 90 жасында да ол әлі жұмыс жасауда. Шериаздан ағаға ұзақ шығармашылық жылдар тілеймін!», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Елеукенов Шериаздан Рүстемұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Аршалы ауылында 1929 жылы 3 қыркүйекте туылған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, педагог, журналист, баспагер, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдени қызметкері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Оның еңбектері қазақ әдебиетінің тарихына, қазақ романының тарихы мен теориясына, мағжантану проблемаларына, кітаптану мен журналистикаға арналған. Ол бірқатар әңгімелер мен эсселер, повестер мен романдар жазып, көркем әдебиет саласында жемісті еңбек етуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *