Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді

144

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді.

«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Хубэй провинциясында 13 адам қайтыс болған және 323 адам ауру жұқтырған. Осыған дейін 41 адамның қайтыс болғаны және 1 372 адамның осы ауру түріне шалдыққаны айтылды.

Ухань провинциясында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Мамандардың мәліметінше, коронавирустың жаңа қоздырғышына 2019-nCoV атауы берілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *