Трамп айтқанынан қайтпай отыр

179

Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад егер АҚШ тарапы санкцияны өзгертетін болса, онда Тегеран келіссөзге дайын екенін мәлім етті.

Бірақ бұл талапқа  ресми Вашингтон көне қоя ма?  Бұл мәселеге қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп бірден жауап қатты.

­-Иранның Сыртқы істер министрі егер АҚШ тарапы санкцияны алып тастауға қатысты райынан қайтатын болса, онда Иран келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Оған қатысты біздің айтарымыз: Жоқ! Рахмет!»,- дедіТрамп  өзінің Твиттерде жазған жазбасында.

Соған қарағанда, АҚШ-Иран текетіресі жуық арада шешілмейтін секілді.

Ескерте кетейік, АҚШ-Иран қатынасы  үстіміздегі жылдың 3-қаңтарында Ирак аумағында Иран генералы Сулеймани  мінген ұшақ атып түсірілгеннен кейін ушыға түскені белгілі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *