«Сергек»: Алматыда жол ережесін бұзу 12 пайызға азайды

364

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, алдағы уақытта шаһар көшелерінде «Сергек» камераларының саны көбейтілетін болады.

Дегенмен жол ережесін бұзу деректері әлі де болса азаймай отыр.

«Сергек» іске қосылғалы  22 күннен бері  жаңа камералар 4,5 мың жол козғалысы ережесін бұзу дерегін  тіркеген. Қала әкімі  Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, дегенмен  тиісті мерзім аралығында жол-көлік оқиғасының саны 12 пайызға төмендеген. Тағы бір қуантарлық жайт, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 38 пайызға азайған.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл қосымша 360-тан аса «Сергек» камераларын орнату жоспарланып отырғанын айтты. Мұның барлығы жол апатын азайту,  жүргізушілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалынып отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *