Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жүзгіштер халықаралық біріншілікте 19 медаль алды

261

Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жүзушілер Минскіде өткен ашық чемпонатта үздік нәтиже көрсетіп, 19 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz. 

Қазақстан атынан көру мүмкіндігі шектеулі жандар мен тірек-қимыл аппараты бұзылғандар арасында жүзуден Беларусь Республикасының ашық чемпионатында ұлттық паралимпиадалық құрамадан 15 спортшы қатысты. Біріншілік 25-26 қаңтарда Минскіде Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен өтті.

Жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Литва, Молдова және Беларусь елдерінен 150-ден астам спортшы қатысты.

«Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жүзгіштер 43 медаль жеңіп алды. Оның 19-на Қарағанды облысының өкілдері қол жеткізді. Кеншілер шаһарының спортшылары тоғыз алтын, алты күміс және төрт қола жүлде ұтып алды. Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова, Анатолий Федоровский, Наталья Звягинцева, Сергей Кинах, Оксана Митякова және Роман Потапов болды», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Спортшылардың барлық нәтижелері халықаралық паралимпиадалық комитеттің 2020 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *