Коронавирус: Қытайдан  келген 4 адам ауруханада жатыр

1035

Қытаймен арада барыс-келіс пен сауда-саттық қазір өрістеп тұрғаны белгілі. Бірақ Қазақстанмен  арада шекара жабылғанына қарамастан әлі де болса, «қытай вирусы біздің елге тарап кете ме? деген қауіп бар. Оған себеп…

Қазастанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаңтар айының басынан бері Қытайдан Қазақстанға 25 мыңнан аса адам келгенін мойындады. Ал олардың арасында «вируспен келгендер жоқ па екен?». Бұл сауалға министр Біртанов егжей-тегжейлі жауап берді.

–Бүгінгі күнге дейін Қазақстан аумағына Қытайдан  25858 адам келгенін айта кету керек. Олардың арасында өз отандастарымыз да, қытайлықтар да бар. Бірақ олардың барлығына келген сәттен бастап, бақылау, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта  23 жолаушы қызуы көтеріліп келді,  оның төртеуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды. Барлығынан қан сараптамалары алынды. Үш тәулік ішінде толыққанды диагностикалық тексеру  жүргізіледі. Соған сәйкес ем-дом тағайындалатын болады, –деді министр Біртанов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *