Чехияда «Абай» орталығы ашылды

763

Чехияның ұлттық кітапханасында «Абай» орталығы ашылды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

Мәдени-ақпараттық жобаны Қазақстанның Чехиядағы елшілігінің қолдауымен еліміздің ұлттық академиялық кітапханасы Прагадағы әріптестерімен бірге жүзеге асырды. «Абай» орталығының тұсаукесер рәсіміне Чехия парламентінің депутаттары, қос елдің ақын-жазушылары мен осы мемлекетте оқитын қазақстандық студенттер қатысты.

Орталықтың міндеті – қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына үлес қосу, Абай шығармаларын оқу мәдениетін қалыптастыру, ақын мұраларын шет елдердегі ғалымдардың зерттелуіне және ғылыми еңбектердің көптеп жазылуына әсер ету.

Орталықта кітаптар мен электронды ақпараттық ресурстармен танысуға болады: CD-дискілер, ақпараттық және мерзімді басылымдар, ғылыми ақпараттар. Сондай-ақ, қазақстандық толық мәтінді мәліметтер базаларына қолжетімділік ұсынылады. Абай және оның шығармалары туралы  Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасында 800-ден астам басылымдар  бар.

Орталық кітапхана оқырмандары, Қазақстан мен Чехияның танымал жазушылары мен ақындарымен кездесетін орынға айналады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *