WBO титулы бар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

230

Орта салмақта WBO International титулына ие британиялық боксшы Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО) осы дививзиондағы бірнеше чемпионды жекпе-жекке шақырды.

Уильямс атап айтқанда америкалық Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO), тағы бір АҚШ боксшысыДжермалл Чарло (WBC) және отандасы Крис Юбенкпен (WBA Interim) жұдырықтасқысы келеді екен.

«Не боп жатыр? Жекпе-жек туралы келіссөз өткізейік. Ешкім үстіне жиналып қалған шаңын қаққысы келмей ме? Андраде, Головкин, Юбенк пен Чарло — бір топ жолы болмаған өліктер, әлсіз қарсылас таңдауды доғарыңдар», — деп жазыпты Уильямс твиттер желісінде.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *