Алматының Алатау ауданында екінші құжаттандыру секторы ашылды

508

«Азаматтарға арналған үкіметтің»  Алматы қаласы Алатау аудандық екінші фронт-офисінде құжаттандыру секторы ашылды.

Алматы қаласында санаулы жылдар ішінде сәулетті үйлері сап түзеп, экономикасы еңсе тіктеген жас ауданның  бірі – Алатау ауданы.

Аудан халқына мемлекеттік қызмет көрсететін орталық атлетикалық қалашықта орналасқан. Алайда, күн санап өсіп жатқан халықтық сұранысы ескеріліп,  тағы да бір фронт-офис (ХҚО) іске қосылған. Өткен жылы тамыз айында жөндеуден өтіп қайта қосылған «Әйгерім-1» ықшамауданы, В.Бенберин, 89 мекенжайындағы екінші фронт-офис  күніне 200-300 адамға қызмет көрсетуде. Бөлімде  өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы тұрғындар электрондық қызмет алып, цифрлық сауаттылығын арттыра алады.

–Біршама уақытан бері ауданның 250 мыңнан аса тұрғыны мен қонақтардың құжаттандыру сұранысын қанағаттандыратын тағы да бөлім ашу қажеттілігі туындаған болатын. Халыққа ыңғайлы болу үшін секторды Алатау ауданындағы екінші фронт-офистен ашып отырмыз, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ  Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Құжаттандыру секторы осы жылғы 30  қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Енді аудан тұрғындары алысқа бармай,  «Азаматтарға арналған үкіметтің»  Алатау аудандық  екінші бөлімінде жеке куәлік, шетелдік төлқұжаттар рәсімдеп, тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеуге тұра алады  немесе өзіне- өзі қызмет көрсету секторы арқылы онлайн тіркеле алады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы тамыз айынан жыл соңына дейін бөлімнің өзіне — өзі қызмет көрсету секторында 132 713 қызмет көрсетілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *