Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі отандасымыз зардап шекті

115

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметінше, 2020 жылы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де Ыстамбұл әуежайында ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шеккен. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.

 «Бас консулдық жағдайды бақылауға алды және отандастарымызға қажет көмекті көрсету үшін шаралар қабылдап жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Измир — Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған.

Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі — қолайсыз ауа райы.

Фото: © REUTERS




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *