Қайда көбірек ақша аударамыз?

681

Соңғы жылдары, қандай сауда-саттықта болса да, немесе туған-туыстарға, шет елдерде оқып жатқан бала-шағамызға да ақшаны аудару жүйелері арқылы жөнелте салу дағдыға айналды. Пайдасы ұшан-теңіз: баяғыдай пошта жағалап уақыт жоғалтпайсыз, кейде тіпті діттеген мезгілінде жетпей жүйкеңізді жұқартпайсыз да. Енді осындай аударылымдар өткен, 2019 жылы қалай жүзеге асырылды, қай елдерге көбірек ақша аудардық екен, соны http://www.ranking.kz сайты жария еткен хабарлама мәліметтеріне сай қысқаша шолып өтсек.

Қазақстан Республикасынан шет елдерге ақша аударымдар жүйесі (ААЖ) арқылы 2019 жылы 655,2 млрд теңге болған. Бұл 2018 жылға қарағанда 8,9%-ға артық.
Банк карталары арқылы жасалған транзакциялар саны 1,7% немесе 2,6 млн-ға дейін қысқарған. Әйтсе де, бұл бір ау­дарылымның орташа чегін 224,9 мыңнан 249,1 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берген (1-инфографика).


ААЖ арқылы шет елдерге жөнелтілген ақшаның барлық көлемінен Ресейге 208,8 млрд теңге тиесілі екен. Бұл – бұдан бір жыл бұрынғыдан 10,6%-ға кем.
Екінші орында Өзбекстан – 139,2 млрд теңге. Бұл ел РФ-мен көрсеткішін шұғыл азайта түскен: соңғы жылдағы өсім бірден 24,7% болыпты.
Ақша аударымдары жүзеге асырылған ТОП-3 елді Түркия қорытындылайды: 93,4 млрд теңге – 2018 жылдың қаңтар-жел­тоқсанына қарағанда 32,8% артық (2-инфографика).

Шет елдерге жөнелтілген ақша аударымдары жүйесі арасында «Золотая Корона» үлкен айырмашылықпен үздік келеді: 480,8 млрд теңге, бір жылғы өсім – 20,6%. Барлық көлемдегі үлесі 66,2%-дан 73,4%-ға дейін өскен.
Үздіктің соңын ала Western Union (75,4 млрд теңге) және Contact (24,9 млрд теңге) орна­ласқан (3-инфографика).

Иса ҚАМБАР




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *