2,3 мың жұмысшыға  342 млн теңге жалақы төленбей отыр

178

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізді. 866 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 28,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *