Исламхан Чемпиондар лигасын масқара жеңіліспен бастады ( ВИДЕО)

508

Бауыржан Исламхан ойнайтын «Аль-Айн» азиялық Чемпиондар лигасының алғашқы турында өз алаңында Иранның «Сепаханынан» 0:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды  Kazgazeta.kz.

Исламхан алғаш рет «Аль-Айн» сапында алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты.

38-ші минутта «Сепахан» сапынан Мохаммад Мохеби есеп ашып кетті. 46-шы минутта ирандықтардың бразилиялық шабуылшысы Кирос есепті еселеді. 52-ші минутта Соруш Рафиели «Аль-Айнға» үшінші допты салса, 78-ші минутта кездесудің нүктесін Мохаммад Таеби қойды.

Нәтиже сол – «Аль-Айн» 0:4 есебімен оңбай ұтылды.

Азиялық Чемпиондар лигасының D тобында «Аль-Айн» мен «Сепаханнан» бірге «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) және «Аль-Садд» (Катар) ойнайды.

«Аль-Айн» келесі кездесуін 14-ші ақпанда БАӘ чемпионатында «Иттихадқа» қарсы өткізеді.

 

sports.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *