Масанчи ауылында адамның күйген денесі табылды

462

Масанчи ауылында қираған үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне, Қордай ауданының Масанчи ауылында, сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатырдың құлауы болған), тазарту кезінде, қираған үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды», — делінген хабарламада.

Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссиясы  жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: The-Village.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *