Ерлан Заиров: Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді

402

Төзбеушілік пен шиеленіс психологиясының негізгі себебі кедейшілік. Халқымыз жұтаң, кедей тұрады.

Көпшілігі «сіңірі шыққан» кедей.

Кедей адамның санасы «туннелдік» келеді. Айналаның бәрі қараңғы- түнек, жау тәрізді көрінеді.

Мемлекетіміздің ең өткір мәселесі осы!

Сонан кейін «қазақ еріншек», «қазақ жалқау» деген сөздер заңдылыққа айналған.

Шынында, олай емес.

Қазақ еңбекқор халық, еңбек етуге жағдай жасау керек.

Заң бойынша тиесілі жағдайды жасап беру керек.

Ауыл-аймақта жер беру мәселесін алайық.

Басқалар келіп, алдап- сулап, әкім- қараларды жағалап жүріп, сол жерді алып кетеді. Қаракөз өз жерінде тұрып, басын сыйпап қалады.

Қаладағы қызмет ету саласына келсе, несиенің үстем ақысы удай. Барлық тапқан- таянғанын банкіге беріп, әзер дегенде құтылады.

Үйленіп, өзіне үй салайын десе, жер жоқ. Заңды он сотогын алайын десе, тағы да, жол жоқ. Ал басқа сол жерді ебін тауып, алып кетеді.

Өз үйіңде жетімнің кебі деген осы.

Ең бірінші, осы теңсіздікті жою керек.

Заң баршаға бірдей.

Бізде заң қаракөзге жүреді де, басқаның басын сыйпап, еркелетеді.

Еліміздің Конституциясын орындау Қазақстанның барша азаматтарының міндеті!

Қазақ тілін меңгеру баршамыздың борыш!

Осы мәселені шешу бейбітшіліктің кілті.

Тәртіп пен заң баршамызға ортақ.

Осы негізгі императив болуы керек.

Халықтар достығының «боз торғай жұмыртқалаған заманы» осы кезде орнайды.

Erlan Sairovтың фейсбуктегі парақшасынан

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *