Байбота Қошым-Ноғай:  «Қазақ» деген кім сонда?!.

231

«Қазақ» деген кім өзі? Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл сұрақтың жауабы неге жоқ?

Сіз қолыңызға Түрік Республикасының Конституциясын алып қараңызшы! (Менің қолымдағы құжат орыс тілінде болғандықтан, дәйексөзді сол тілде келтіріп отырмын).

«Ст. 66 – Каждый, кто связан узами гражданства с турецким государством,– турок.

Ребенок от отца турка или матери турчанки – турок. Гражданство ребенка, отец которого – иностранец, а мать – турчанка, устанавливается законом».

Демек Түрік мемлекеті азаматтарының ұлты түрік саналады. Әке-шешесінің бірі түрік болса, олардан туған бала да түрік деп аталады. Егер баланың әкесі – шетелдік, анасы түрік болса, олардан туған баланың ұлты заңға байланысты реттеледі. Яғни анасы түрік болғандықтан (Түрік мемлекетінің азаматы болса), бала да түрік болады.

Ал біздің елімізде «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы». Бұған қарағанда, МЕН ӨЗІМНІҢ ҚАЙ ҰЛТҚА ЖАТАТЫНЫМДЫ ӨЗІМ АНЫҚТАЙДЫ ЕКЕНМІН…

«Қазақ» деген кім сонда?

 Байбота Қошым-Ноғайдың фейсбуктегі парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *