Қытайда коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 1380-ге жетті

500

Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 13 ақпан сағат 24:00 бойынша 31 провинцияда (автономды аудандар, орталыққа бағынатын қалалар) 55 748 коронавирус жұқтырған адам тіркелді(10 204-і ауыр түрі деп бағаланды), олардың 6723-і сауығып, 1380-і көз жұмған (деректер Хубэй провинциясы бойынша қайталанғандықтан 108-ге қысқарды).

Өткен тәулікте тағы 5090 адам коронавирус жұқтырып, 121-і мерт болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 63 851-ге жетті (Хубэй провинциясы бойынша 1043-ке қысқартылды).

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған 177 984 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Дереккөз: ҚазАқпарат.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *