Алматыда қалың қардан ағаштар сынды (Фото)

583

Алматыда қардың шамадан тыс көп түсуінен бірнеше ағаш құлаған. Орын алған 9 жағдайдың екеуінде ағаштар бұтағы көліктің үстіне құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Ал таулы ауданға қар көшу қаупі бар. 

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі қардың көп түсуі және тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 16 ақпан күні қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлады.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *