Мұхтар ШЕРІМ: О, атың өшкір зымыран, ал, менің қолымда бір кесе қымыран

546

Атың өшкір зымыранды айтамын да. Қай бір жылы Ресейдің протондары құлай берді емес пе? Байқоңырда тұрамыз ғой, содан әйелім тас керең болып қалды. Бір күні көлігімнің астында жатып, әйеліме бар даусыммен айқайладым. Қатты айқайламасам, естімейді.

–Қатын, күліштерді әкелші, күліш! –деп сұрадым мен.

–А?

–Күліш!

–Қазір!

Ол жүгіріп кетіп, жүгіріп келді. Бір тостақ күрішті қолыма ұстата берді.

–Ойбай, машинаның астында жатып, палау пісір дейсің бе? О, атың өшкір, зымыран!

–А?

–Зымыран деймін, атың өшкір, зымыран!

Ол жүгіріп кетіп, жүгіріп келді. Бір кесе қымыран ұстатты.

–Ооой, көлік астында шалқамнан жатып, қымыран ішейін енді! Майлық әкелші, анау жатыр!

–А?

–Майлық!

Ол жүгіріп кетіп, жүгіріп келді де, қолыма ақша ұстатты.

–Бұл не?

–Айлық дедің ғой?

Құдайым–ай, сіздердің қатындарыңыз осылай айлығын әкеліп береді ме? Бір жағынан қуанып қалдым. Көліктің астынан шығып, бетінен сүйіп, қолымның қара майын сүрткім келіп:

–Шүберек, –деп сұрадым. Ол: «Қазір, қазір, көбелек ұстап әкелейін!» –деді де, бір көбелектің соңынан қуып кетті. Осы Байқоңырымыз қашан қазақстандық болады екен? О, атың өшкір зымыран, ал, мені қолымда бір кесе қымыран…

Мұхтар Шерімнің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *