Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды

147

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі аяқталды. Бұл жарыста қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Olympic.kz

Әэіғалиев 500 метр қашықтықта өткен жарыста үшінші болды. Ол аталған қашықтықты 41,394 секундта жүгіріп өткен.

Алтын жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Сео иеленді (41,087),  ал күмі бельгиялық Десмет Стейнде.

Айта кетейік, бұл қазақстандық спортшы үшін осы маусымдағы екінші жүлде. Бұған дейін ол АҚШ-та өткен әлем кубогінің ең бірінші кезеңінде үздіктер қатарына енген.

Фото: Абзал Әжіғалиев. Reuters©




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *