Өткен жылдан бюджеттік сала қызметкерлерінің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрады

514

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда еңбекақыны арттыру қалай жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

«2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл шамамен 1,3 миллион адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметшіге тікелей әсер етті. Маусым айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін артты. 1 млн-нан астам азаматтық қызметші жоғары жалақы алды. Қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрады», – деді ведомство басшысы.

Ол сондай-ақ 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мәдениет және архив қызметкерлерінің, педагогтердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы тағы да орта есеппен 30%-ға артқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, 2019 жылы 205,6 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 32,7%-ға арттыру міндетін өз мойнына алды. Жалақыны көтеру мониторингі үнемі жүргізіледі», – деді Біржан Нұрымбетов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *