Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қауіпі сақталады

291

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 17-18 ақпан аралығында кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталатынын, сол себепті қала тұрғындары мен қонақтарына әсіресе тауда абай болу керектігін ескертеді.

«2020 жылғы​ 17 ақпандағы ​ РМК Қазгидромет № 3 Дауылды ескертуінің негізінде Алматы қаласының ТЖД ескертеді!
Жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының ​ тұрақсыздығы және биіктігінің жоғары болуына байланысты ​ Үлкен және

Кіші Алматы су алабтарында 17-18 ақпан аралығында қар көшкіні қауіпі сақталады.

Көшкін​ жүру қауіпі мүмкін болуына ​ байланысты, қарлы тік жартастарға​ шығу ұсынылмайды.

Тауда абай болыныңыз.

Автокөлік иелерін ​ көлік құралдарын ағаштардың астына ​ қоймауға ұсынамыз. Қатты жауын-шашынға байланысты ағаштардың түбінде тұру қауіпті, ұқыпты болыңыз, ескі бұтақтарды айналып өтіңіз!» — делінген хабарламада.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *