Қордайда полицияға шабуыл жасаған үш дұнған ұсталды

292

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық прокукратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Прокуратура мәліметінше, 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

«2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полициясы қызметкерлері патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған. Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған.
Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *