Атырауда ұлттық санақ кезінде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады

426

Атырауда ұлттық санақ кезінде 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады
Биылғы жылы Ұлттық халық санағы қазан айының 1-і мен 30-ы аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу уақыты мен кезеңі шартты екі кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Бұл кезеңде интервьюерлер үйлерді аралап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды. Елімізде үшінші реет өткелі отырған халық санағының биылғы ерекшелігі – электронды түрде өтеді. Бұл туралы ӨКҚ – де өткен баспасөз мәслихатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
— Биылғы санақтың бір ерекшелігі қағаз-қалам болмайды. Барлығы электронды түрде. Ол үшін  27 мың планшет сатып алынған. Екіншісі, санақшының көмегінсіз, үйде отырып-ақ, арнайы сайтта өз бетімен мәлімет толтыруға болады. Қазіргі таңда Атырау облысында 645 мыңнан аса халық бар. Облыстың санағын жүргізуге 1068 адамды жұмыспен қамтымақ ниеттеміз, — дейді Нұрболат Айдапкелов.
Сондай-ақ, халық санағы кезінде тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы сайт қарастырылған. Яғни, әр тұрғын sanaq.gov.kz  арқылы сауалнамаға жауап беріп халық санағына қатыса алады. Биылғы халық санағының басты ерекшелігі осында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *