Дариға Назарбаева: Ет бағасы өте тез өседі

577

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді.

Жүздесуге Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен мал шаруашылығы бойынша өнім өндірушілер қатысты.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева мал шығаруға тыйым салу және оның зардаптары мәселесін көтерді.

«Бізге тек көлеммен ғана емес, сапамен де, бағасымен де алуымыз керек. Ет дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бүгін біздің қолымызда не бар? Ет бағасы өте тез өседі. Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат? Оның үстіне, біздің еліміз бен халқымыз етті бағдарға алады. Маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші өнім – ет», — деді Д.Назарбаева.

Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» серіктестігінің бас директоры Талғат Берекешев қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының басты мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, біздің қайта өңдеу кәсіпорындарының мәселесі – қуаттардың толық іске қосылмай тұрғаны.

«Ет комбинаттары 40-45% қуатында жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүгінгі күні қолданыстағы өнімді мал шаруашылығы жөніндегі бағдарламасы басты себеп болуда. Оған сәйкес, барлық субсидиялар өндірістік кәсіпорындарда шикізатты қайта өңдеуге емес, бордақылау алаңдары арқылы жіберіледі. Сондықтан фермерлер малды ет комбинатына емес, бордақылау алаңына тапсырса ғана малға субсидия алады. Яғни, олар бізге ет беруге құштар емес. Ал бордақылаушыларға экспорт тиімді, сондықтан субсидиямен алынған мал сатып алушыларға кетеді», — деп атап өтті Т.Берекешев.

Сенат Төрағасы жауап ретінде айтқан сөзінде егер әр зауыт ең болмағанда 90% қуатында жұмыс істеген болса, онда өнім көлемі мүлдем басқа әрі нарықтағы бөлшек баға да басқа болады, бұл ретте делдалдар азаяды.

«Қазір біз халық тамағының тоқ болуын, негізгі азық-түліктің қолжетімді болуын ойластыруымыз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Ауыл шаруашылығының алдында сала ретінде басымдықтар бар. Қазақстандықтар туралы ұмытпайық. Олардың дастарқанында қолжетімді дәмді ет болуы керек. Алдымен азық-түлік қауіпсіздігін ойлау керек. Өз еліміздің тоқшылықта болуы маңызды», — деді Д.Назарбаева.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *