«Қазақ газеттерінде» «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының филиалы ашылды (видео)

2829

«Қазақ газеттері» ЖШС мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті әріптестік байланыстарын нығайта түсті.

Құрамына он бір газет-журналды біріктірген «Қазақ газеттері» ЖШС мекемеде аталған оқу орнының «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының филиалы ашылды.

Филиалдың ашылу салтанатына «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Шәмшидин Паттеев, әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Ләззат Ноғайбаева және  серіктестікке қарасты басылымдардың жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жиынға қатысушылар ортақ әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу, жас мамандардың қаламы мен қарымы туралы келелі әңгімелер айтты.

Әрине, журналистикаға қадам басқан жас түлектерге ең алдымен практика керек. Ол үшін ең алдымен факультет пен БАҚ арасында байланысты күшейткен абзал.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *